$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жасөспірімді соққыға жығу оқиғасы: тың мәліметтер жарияланды

Күдікті – жергілікті колледждің 16 жастағы студенті

Павлодарда жасөспірімді соққыға жығу оқиғасы: тың мәліметтер жарияланды
Фото: Видеодан скриншот

Павлодарда қыз баланы пәтерлердің бірінде соққыға жыққан. Желіде адам шошырлық оқиғаның видеосы жарияланды. Бұл туралы Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық уәкілі Сәуле Шәкенева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балалар омбудсменінің айтуынша, күдікті – жергілікті колледждің 16 жастағы студенті. Жәбірленуші – 19 жаста, жұмыссыз.

Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Желіде бұған дейін қыз баланың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео пайда болған еді. Кадрда бөлмеде отырған қыз баланы екіншісінің ұрып жатқанын байқауға болады. Жәбірленуші қарсылық көрсете алмай, еденге құлап, бетін бүркемелеп, қорғанбақ болды.

Шабуыл жасаған жасөспірім ата-анасының кепілдігімен босатылды. Қыз баланы тәрбиелеуде өз міндетін орындамағаны үшін анасы жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары