27.01.2025, 15:22
Жаңалықтар
Ақмола облысында 5 адам тірідей жанып кете жаздады
Макинск қаласында жер үй өртеніп кетті
Фото: ҚР ТЖМ
Ақмола облысында жер үйде шыққан қызыл жалыннан 5 адам тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Макинск қаласының Остроконя көшесі бойындағы төрт пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
«Өрттің ерте анықталуының және ТЖМ өртке қарсы бөлімшелерінің уақтылы шақыртылуының арқасында өрт дер кезінде сөндірілді.
ТЖМ қызметкерлері көрші пәтердің терезесінен 5 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
