27.01.2025, 11:22
Жаңалықтар
Жетісу облысында 4 мың оқушы информатика кабинетінде порно сайттарға емін-еркін кірген
Мұғалімдер жауапқа тартылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Жетісу облысында прокуратураның араласуынан кейін балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған сайттар бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көксу ауданындағы 7 мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетіндегі тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген.
«Прокурорлық қадағалау актісімен бұл сайттар бұғатталған. 7 мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура ата-аналарды балалардың виртуалды белсенділігін үнемі қадағалап отыруға және олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақырады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
