$ 489.15  533.47  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тойда маңдайын жерге қойып, сәлем салған жас жұбайлардың әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)

Бұл көріністің видеосын танымал журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялады

Тойда маңдайын жерге қойып, сәлем салған жас жұбайлардың әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скриншот

Тойда арнайы жайнамаз төсеп, маңдайын жерге қойып, үлкендерге сәлем салған жас жұбайлардың әрекеті жұртты шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл көріністің видеосын танымал журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялады.

«Той тойдай болу керек қой! Дәстүрдің тозығы бар, озығы бар деп әр елдің салтын қосып жастардың үйлену сәтін адастырып жатырмыз, ағайын! Мынау не, сәлем салу ма, сәждеге жығылу ма?» - деп жазды журналист.

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Тойды тоқтату керек, ысырап, мейрамханаларды асырап отырмыз», «Ата-анаңды өмірде тірісінде сыйласаң ол кісілерге содан артық бақыт жоқ, бұл дұрыс емес», «Видеода – корей халқының ата-анаға сәлем беру ежелден келе жатқан дәстүрі. Бұл жұпта жігіттің ұлты – корей», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары