Жамбыл облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы кейінге шегерілді
ХҚКО-лар 25 мамырда ашылады деп жоспарланған еді

Жамбыл облысында соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқандықтан, карантин шаралары жеңілдетілмейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«ХҚКО жұмысын қайта іске қосу кейінге шегерілді. Карантин шараларын жеңілдету мәселесі жедел штабтың кезекті отырысында өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға сәйкес қаралады. Осыған байланысты, өңір тұрғындарын тиісті шектеулер мен ескертулерге бей-жай қарамауға шақырамыз. Карантин талаптары сіздердің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бағытталған. Тұрғындар жағдайға барынша түсіністікпен қарап, жауапкершілікті сезініп, ережелерді қатаң сақтағанда ғана нәтиже береді», - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 292 адамға жеткен.