26.05.2020, 09:11
Жаңалықтар
Қазақстанда тағы 438 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды
Өсім 5,1%-ды құрап отыр
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары тағы артты. 25 мамырда республикада 438 адамның ағзасынан аталған вирус анықталған деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Осылайша тәуліктегі өсім 5,1% құрап отыр. Атап айтқанда:
- Алматы қаласы – 75 (3,4%)
- Шымкент қаласы – 69 (11,3%)
- Қарағанды облысы – 67 (11,3%)
- Нұр-Сұлтан қаласы – 56 (3,4%)
- Жамбыл облысы – 51 (17,5%)
- Батыс Қазақстан облысы – 38 (9,2%)
- Атырау облысы – 32 (3,6%)
- Түркістан облысы – 17 (5,4%)
- Алматы облысы – 12 (4,2%)
- Қызылорда облысы – 8 (2,4%)
- Қостанай облысы – 5 (4,1%)
- Маңғыстау облысы – 5 (3,0%)
- Ақтөбе облысы – 2 (0,7%)
- Ақмола облысы – 1 (0,7%)
Ал, осы күні еліміздің ауруханаларынан 163 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, жалпы ауырғандар саны 8969-ды құраса, жазылғандар саны – 4515, қайтыс болғандар саны – 35.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)