«Өлім мен өмір арасында»: Алматыда балаларды өрттен құтқару сәті видеоға түсіп қалды
Жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарь отқа оранған
Алматыдағы «Алматы Арена» сарайында шыққан өртте балаларды құтқару сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрттен 2013, 2016, 2019 және 2012 жылы туған төрт бала аман-есен сыртқа шығарылды.
Белгілі болғандай, Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарь отқа оранған.
«Өрт сөндірушілерге көп-көп рақмет. Баламды аман-есен алып шықты», - дейді құтқарылған баланың анасы.
Қалалық ТЖД оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
«25 қаңтар күні сағат 15:15-те Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданындағы Нұркент ықшамауданы, 7-үй мекенжайына аттанды. жеткен кезде «Алматы Арена» көпфункционалды кешенінің кіші залы орналасқан бірінші қабатта 40 шаршы метр төсеніште өрт шыққаны анықталды. Өрт 15:52-де сөндірілді», - делінген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.