27.01.2025, 00:12
Жаңалықтар
Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды (ВИДЕО)
Колледж студентіне шотына 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген
Фото: Polisia.kz
Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу деректеріне сәйкес, өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.
«Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген», - деп жазды ҚР ІІМ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
