«Бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз»: әнші Бүркіт жанайқайын жеткізді (ВИДЕО)
Ол жол ережесіне қатысты ойын жеткізді
Балиде демалып жатқан жұлдызды жұп Бүркіт пен Айша жергілікті халық пен Қазақстанның жүргізушілерін салыстырып, сабыр мен жол этикасы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрсысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлдем жоқ боп бара жатыр. Жол этикасы деген бар еді, бұрынғы жылдары, қазір одан мүлдем алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып, жығып, өзінікін дәлелдегісі келетіндер қаншама…
Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұят дейтін нәрселер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау», - деп жазды әнші әлеуметтік желіге.
Еске сала кетейік, жақында жұлдызды жұп көпшілікке сәби күтіп жүргендерін жариялап, жақсы жаңалығымен бөліскен болатын.