$ 516.13  538.01  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өткен жылы елімізде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Өткен жылы елімізде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды
Фото: istockphoto.com

Тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында былтыр 1120 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысты. Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды, 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Қоғамдық орындарды ластаудың 109 мың фактісі белгілі болса, 198 мың рет абаттандыру ережесі бұзылған.

«Жергілікті атқарушы органдарға 782 бұзушылықты жою туралы нұсқау берілді, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылды. ІІМ азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға, қоқысты рұқсат етілмеген жерлерде қалдырмауға және тазалық пен тәртіпті сақтауға белсене қатысуға шақырады», - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары