$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында есірткі зертханалар желісі жойылды

Оқиға орнынан 200 кг есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар тәркіленді

Қарағанды облысында есірткі зертханалар желісі жойылды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында есірткі өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткіге қарсы күрес басқармасы Қарағанды облысының Асыл ауылында орналасқан нарколабораторияны анықтап, жойды.

«Оқиға орнынан 200 кг есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар тәркіленді. Операция барысында Алматы қаласының тұрғындары – 25 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел ұсталды», – делінген хабарламада.

Кейін Алматы қаласында желіні ұйымдастырған 30 жастағы Теміртау тумасы ұсталды. Оның қолында қылмыстық қызметті үйлестіруге арналған ноутбук, таразы, күнделіктер және 21 ұялы телефон болған.

Тергеу барысында оның Қарағанды және Алматы облыстарында бес нарколаборатория ұйымдастырғаны анықталды.

«Қарағанды қаласында 2024 жылғы 17 қарашада жойылған зертханадан 10 кг синтетикалық есірткі және 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Бұған қоса, 2023 жылдың маусымында Ақтау ауылындағы зертхана қызметі тоқтатылған», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды. Полицияның хабарлауынша, ұйымдасқан топтың барлық қатысушысын анықтау және олардың қылмыстық әрекетін тоқтату бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары