$ 516.77  542.87  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұрын екеуі бірге тұрған»: қазақстандық қызды қудалаған шетел азаматы елден шығарылады

Екеуі айырылысқаннан кейін де шетелдік азамат қызды қудалауын тоқтатпаған

«Бұрын екеуі бірге тұрған»: қазақстандық қызды қудалаған шетел азаматы елден шығарылады
Фото: © istockphoto.com

Павлодар облысында жергілікті тұрғынды қудалаған шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылатын болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен қазақстандық қыз бұрын бірге тұрып, қарым-қатынаста болған. Алайда, айырылысқаннан кейін шетелдік азамат қызды қудалауын тоқтатпаған. Ол үнемі хабарламалар жіберіп, физикалық зақым келтіремін деп қорқытқан, сондай-ақ оны бақылауға тырысқан», — деп жазылған хабарламада.

Қыз полицияға жүгініп, жағдайды шешуді сұраған. Құқық қорғау органдары шетелдік азаматтың Қазақстанда болу мерзімін бұзғанын анықтады. Ол ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда азаматты елден шығару үшін құжаттар рәсімделіп жатыр.

Қыз бұған дейін құқық қорғау органдарына жүгінбегенін, себебі мәселе өздігінен шешіледі деп ойлағанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары