$ 516.77  542.87  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шыршадан құлаған мұғалім: күдікті шенеунік қызметінен әлі босатылмаған

Мұғалімнің құлау оқиғасына қатысты әкімнің орынбасары күдікті деп танылған еді

Шыршадан құлаған мұғалім: күдікті шенеунік қызметінен әлі босатылмаған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Семей қаласының әкімдігі жаңа жылдық шырша безендіру кезінде мұғалімнің құлағанына қатысты орынбасардың күдікті деп танылғанын растады. Алайда шенеунік қызметінен әлі босатылмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда қала әкімінің орынбасары жұмыс орнында. Бүгін ол бір күнге еңбекақысыз демалыс алды. Тергеу сотының тиісті қаулысы әкімдікке түскеннен кейін ғана оның қызметін шектеу мәселесін қарастырамыз. Әзірге бізге соттың ешқандай ресми қаулысы келіп түскен жоқ», – деп мәлімдеді Семей қаласы әкімдігі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов.

Айта кетсек, бұған дейін бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып, тергеу барысы туралы ақпарат берген еді. Оның айтуынша, күдікті ретінде қала әкімінің орынбасары А. Хамзаев танылған. Ол мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне заңсыз тартты деп айыпталып отыр.

Серіктес жаңалықтары