$ 516.13  538.01  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Кей өңірлерде қатты аяз болады

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі  «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болады. Талдықорғанда түнде 26-28 градус қатты аяз күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады.

Түнде Атырау облысының батысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус аяз болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таразда 25-27 қаңтарда тұман болады.

 

Серіктес жаңалықтары