$ 516.85  537.68  5.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда жыл басынан бері 700-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

Былтыр 1 млрд теңгеден астам залал келген

Қостанайда жыл басынан бері 700-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
Фото: istockphoto.com

Қостанайда жыл басынан бері 700-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Шығын сомасы 80 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Qostanay tany басылымына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың айласынан қалай қорғану қажеттігін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Қостанай қаласының өзінде 2025 жылдың басынан бері 747 интернет-алаяқтық фактісі тіркеліп, олардың жалпы залалы 80 миллион теңгеден асқан. Салыстырмалы түрде былтыр 760 жағдай тіркелсе, одан келген залал 1 миллиард 150 миллион теңгені құраған. Бұл көрсеткіш алаяқтықтың күшейіп, азаматтардың сақтығының әлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді», – дейді Қостанай қалалық Полиция басқармасының басшысы Болат Иманов.

Мамандардың айтуынша алаяқтардың схемалары ұқсас. Әлеуметтік желілерде және интернет платформаларда инвестиция арқылы табыс табу ұсыныстарын жарнамалайды. Тұрғындар олардың ұсынған сілтемесіне өтіп, жеке деректерін енгізеді, сосын алаяқтармен байланысады. Олар бастапқыда ақша салуды ұсынып, кейін жалған платформалар арқылы табыс тапқандай әсер қалдырып, қосымша сома төлеуді талап етеді.

Мысалы, 2024 жылы Қостанай тұрғыны осындай схемаға түсіп, 76 миллион теңгеге алданған.Алаяқтар тұрғындарға қоңырау шалу арқылы хабарласатын схемасы бар. Олар түрлі себептермен SMS-кодтарды сұрайды немесе қауіпсіздік қызметкерлері ретінде танысып, шоттағы қаражатты «қорғауға» көмектесеміз деп сендіреді. Тұрғындар олардың айтқандарына сеніп, несие рәсімдеп, ақшаны алаяқтардың шоттарына аударады. Фишингтік сілтемелермен де алдайтындар болады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «дауыс беру», «сыйлық ұтып алу» сынды жалған сілтемелер жібереді.

«Тұрғындар осы сілтемелерге өтіп, өз деректерін немесе SMS-кодтарын енгізген кезде, алаяқтар олардың мессенджерлеріне немесе банк қосымшаларына қол жеткізеді.Олардан сақтанып жүру үшін жеке деректерді құпия ұстаңыз. SMS-кодтарды, шот нөмірлерін және басқа деректерді ешкімге бермеңіз. Жалған жарнамаларға сенбеңіз. Инвестициялық ұсыныстар мен жылдам табысқа жетуге шақыратын хабарландыруларды мұқият тексеріңіз», - дейді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары