23.01.2025, 14:51
Жаңалықтар
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталып, 100-ге жуық қару тәркіленді
Сондай-ақ, адам саудасы, жеңгетайлық және жезөкшелік анықталды
Фото: Алматы қаласы ПД
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін анықтау жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның 1-і – трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, өткен жылы 22 адамның қылмыстық әрекеті тоқтатылды.
«Заңсыз айналымнан 99 бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде 18 тапанша, 6 автомат, 26 мылтық, 7 винтовка, 6 кесілген шолақ мылтық, 35 травматикалық қару, 15 граната, сондай-ақ 1 мың 456-дан астам оқ дәрі бар.
Сонымен қатар, ҰҚкКБ қызметкерлері адам саудасының 2 дерегін, сондай-ақ жеңгетайлық пен жезөкшеліктің 25 дерегін тоқтатты», - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
