АҚШ йемендік хуситтерді террористік ұйым деп таныды
Трамп жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Йеменнің солтүстігін билеуші «Ансар Алла» (хуситтер) шейіт қозғалысының шетелдік террористік ұйым деп танитын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарлықта Иранның Ислам революциясының қамқоршылар корпусынан (КСИР) қолдау алатын хуситтер америкалықтар мен аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретіні айтылған.
«2023 жылдың басынан бастап хуситтер Қызыл теңіздегі америкалық әскери кемелерге бірнеше рет шабуыл жасады, ал 2014 жылдан бастап Йеменнің заңды үкіметімен қақтығысып, маңызды қалаларды басып алды»,- делінген құжатта.
Жарлықта қозғалыс Сауд Арабиясындағы азаматтық нысандарға, 2022 жылы БАӘ әуежайларына шабуыл жасап, 2023 жылы Израиль аумағына 300-ден астам снаряд атқаны жазылған.
«Хуситтердің қызметі Таяу Шығыстағы Америка азаматтары мен қызметкерлеріне, біздің жақын серіктестеріміздің қауіпсіздігіне және әлемдік теңіз саудасының тұрақтылығына қауіп төндіреді», — делінген құжатта.