$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 2024 жылы «дропперлерден» 220 млн теңге тәркіленді

«Дропперлерден» азаматтық тәртіпте ақшалай қаражат өндіріп алу практикасы енгізілді

Елімізде 2024 жылы «дропперлерден» 220 млн теңге тәркіленді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда «дропперлерге» қарсы күрес жүріп жатыр. Былтыр олардан қанша көлемде қаражат тәркіленгені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, өткен жылы негізсіз байығаны үшін «дропперлерден» азаматтық тәртіпте ақшалай қаражат өндіріп алу практикасы енгізілді. Мәселен, Павлодар облысында соттың 83 шешімі бойынша 110 миллион теңге, Шығыс Қазақстан облысында 100 миллионнан астам теңге өндіріп алынды.

«Сонымен қатар байланыс операторларымен бірлесіп SIM-бокстарын анықтау әдістемесі әзірленді (оның иелерін сәйкестендірместен, шетелден интернет арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін жабдық).

Ішкі істер министрлігі 19 құрылғы мен 6 мыңнан астам SIM картаны анықтап, тәркіледі. Сонымен бірге алаяқтықпен күресу мақсатында бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары