$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысының өзен-көлдерінде шортан көбейген

Биыл 115 тоннасын аулауға рұқсат беріліп отыр

Қостанай облысының өзен-көлдерінде шортан көбейген
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы балық және аңшылық шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, өзен-көлдерде шортанның көбейгені байқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Наш Костанай сайтына сілтеме жасап.

«Биыл 155 тонна шортан аулауға рұқсат беріліп отыр, былтыр бұдан сәл аздау болатын», – дейді бөлім мамандары.

Шортан балығының келісі базарларда 1300-1500 теңгеден сатылып жатыр. Мөңкенің бағасы – 650-750, ал сазан – 1500-1800 теңгеден.

« Биыл шортандар өте ірі, кейбірінің салмағы 10-15 келіге жетеді. Алайда тұрғындар 5 келіге дейінгі балықтарды көп сатып алады. Сондықтан балықшылардан шортанның ірілерін әкелмеуді сұраймыз», – дейді орталық базар сатушылары.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#балық аулау