22.01.2025, 20:35
Жаңалықтар
Атырау облысында апатты үйлердің иелері жаңа баспанаға көшті
Құрманғазы ауылында 15 тұрғынға пәтер кілті табысталды
Фото: istockphoto.com
2024 жылы аудан бойынша барлығы 35 үй берілген екен. Ал биыл 125 отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда үй кезегінде 1285 адам тұр.
«Бүгін жергілікті бюджет арқылы ауданымызда ресми түрде апатты деп танылған тұрғын үй иелеріне баспана кілті табысталуда. Бәрін де жаңа қоныстарымен құттықтаймын! Алдағы уақытта елді баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар тұрғын үй құрылысының аяқталуына қарай жүзеге асатын болады. Биыл баспана кезегінде тұрған 125 адамға жаңа үй кілтін табыстауды жоспарлап отырмыз» – деді аудан әкімі А.Жанғалиев.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды