21.01.2025, 23:08
Жаңалықтар
Қазақстан – Түркіменстан шекарасында 50 жүк көлігі сазға батып қалды
Екі күн бойы жауған жаңбырдан кейін жол батпаққа айналған
Фото: "Қазавтожол" ұлттық компаниясы
Қазақстан – Түркіменстан шекарасында 50 жүк көлігі сазға батып қалды. «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Маңғыстау облыстық филиалы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Келеңсіз оқиға «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан шекарасы» бағытындағы автожолдың асфальт төселмеген учаскесінде тіркелді. Екі күн бойы жауған жаңбырдан кейін жол батпаққа айналған.
Батып қалған көліктердің басым бөлігі эвакуацияланса, қалғанын сүйреп шығаруға тура келген.
«Қазіргі уақытта 2026 жылға жоспарланған автомобиль жолының осы учаскесін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр», - деп атап өтті «Қазавтожол» компаниясының өкілдері.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
