$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жолдар жабылып, Ақмола облысының аумағында 700-ге жуық көлік кептелісте қалды

1400 адам діттеген жеріне жете алмады

Жолдар жабылып, Ақмола облысының аумағында 700-ге жуық көлік кептелісте қалды
фото: Polisia.kz

Астана-Щучинск бағытындағы жолда 700-ге жуық кептелісте қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трессаларда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының жолдарында 100-ден астам полицей жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта өңірде автожолдың 10 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды:  Астана – Ерейментау – Шідерті,  Астана – Петропавл,  Екатеринбург – Алматы – Аршалы ауданының аумағы, Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау, Көкшетау – Атбасар, Екатеринбург – Алматы, Қостанай – Әулиекөл –Сурған, Жезқазған – Петропавл, Щучинск –Зеренді және Астана – Қорғалжын.

«Ауа райына байланысты департаменттің саптық құрылымының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Патрульдік полиция экипаждары жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жүргізушілерді ескерту бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда 50 автопатруль қызмет атқарады, бұл 100-ден астам полиция қызметкері», делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 Ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау және қарлы тұтқында қалмау үшін Ақмола облысының полиция департаменті жүргізушілерді жоғарыда аталған бағыттарға бармауға және жолдардағы жағдай туралы ресми хабарламаларды қадағалауға шақырады. Айта кету керек, қазіргі уақытта жабық жолдарда 700-ге жуық автокөлік пен 1400-ден астам адам қалды. Полицейлер азаматтар мен көлік құралдарының қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қарлы боран #жол