Петропавлда құстарға ұя жасаудан сайыс өтті
Байқау «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды
Ерекше байқауға қатысушылар өздері жасаған ұяларды Жеңіс саябағындағы ағаштарға іліп, құқстарға жем шашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Шараға 80-нен адам қатысты. Басым көпшілігі – мектеп оқушылары. Олар ағаш, пластик сынды түрлі материалдардан құстардың ұясын жасап, «Жеңіс» саябағы мен тұғын үйлердің ауласына ілді. Ұйымдастырушылар байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру екенін атап өтті. Акция қатысушылары грамота және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
«Осындай байқау болатынын әлеуметтік желілерден көрдім. Мен де қатысайын деп шештім. Ұяны жасауға біп апта уақыт жұмсадым. Өзім тұратын үйдің ауласында осындай ұялар өте көп. Көршілерімізбен бірге жасаймыз, жыл бойы құстарға жем саламыз. Мына ұя – ең үлкені. Балаларға қызық болсын, үлгі тұтсын деген ниетпен осында әкелдім», – дейді зейнеткер Бақытжан Әбілев.