Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
Оның балаларына қарызы 4,5 млн теңге
Әйелімен ажырасқан ер адам төрт жылдан бері соттың алимент төлеу туралы шешімін елемей келген. Бүгінде азаматтың алимент бойынша қарыз сомасы 4,5 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстап, қарыз сомасын өндіріп алу туралы сот шешімін орындау үшін істі жеке сот орындаушысына тапсырды. Сонымен қатар балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
2024 жылы облыс полицейлері алимент төлемеген 300-ге жуық адамды анықтағанын атап өткен жөн. Алимент төлеуден жалтару тек қаржылық шығындарға ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін.