18.01.2025, 10:35
Жаңалықтар
Синоптиктер бес қала тұрғындарына ұзақ серуендемеуді ұсынды
Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» 18 қаңтарда Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында қолайсыз метеожағдайлар болжанатынын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер аталған қалаларда ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін айтты. Ауа райының мұндай қолайсыздығы тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін, сондықтан мамандар алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді.
Қолайсыз метеожағдайларда келесі ұсыныстарды сақтау маңызды:
- Ашық ауада, әсіресе, автожолдар мен ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту.
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту.
- Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдар дәрі-дәрмектерін өзімен алып жүруі тиіс.
- Ашық ауада физикалық жүктемені шектеу.
- Спорттық жаттығулар мен дене шынықтыруды жабық спорт кешендерінде өткізу ұсынылады.
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, аталған шараларды сақтау ауа сапасының нашарлауы кезіндегі денсаулыққа келетін зиянды азайтуға көмектеседі.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді