17.01.2025, 16:42
Жаңалықтар
Бизнесімді сатамын: Алматы облысында шетел азаматы танысын 69 млн теңгеге отырғызып кетті
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденді
Фото: istockphoto.com
Алматы облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтық қылмысты ашты. 51 жастағы күдікті танысының сеніміне кіріп, бизнесті сату сылтауымен 69 миллион теңгені иемденген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті көршілес елдің азаматтары. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Азаматтарды ірі мәмілелер жасауда сақ болуды және серіктестер туралы ақпаратты мұқият тексеруді ескертеміз», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды