Павлодар облысында жыныстық жолмен жұғатын сифилис инфекциясы 100-ге жуық адамнан анықталды
Облыста жыныстық жолмен берілетін инфекция өршіп тұр
Павлодар облысында былтыр жыныстық жолмен берілетін 364 инфекция тіркелген. Ал 2023 жылы 12 айда 490 жағдай тіркеліпті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, былтыр 364 жағдайдың ішінен ең көп үлес гонорея инфекциясына тиесілі – 120 жағдай. Гонококк бактерия несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабаттарына әсер етеді.
Жұқпалы созылмалы инфекция – сифилистің 96 жағдайы, ал хламидиоздың 75 жағдайы анықталды.
«Соңғы уақытта адамдарда жыныстық инфекцияның бірнеше түрі анықталып жатыр. Көбінесе гонококк инфекциясы (гонорея) және хламидиоз, трихомониаз диагнозы қойылады. Бұл олардың жоғары жұқпалылығымен және микроорганизмдердің патогистологиялық ерекшеліктерімен байланысты», – деді Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың дерматовенерологиялық орталығының меңгерушісі Гүлнар Бейсекенова.
Белгілі болғандай, гонорея мен сифилис диагноздары 20-40 жас аралығындағы адамдарда жиі қойылады. Репродуктивті жастағы адамдар (20-30 жас) белсенді жыныстық өмірге байланысты аурулар бойынша осал топқа кіреді. Егде жастағы адамдарда жыныстық аурулар сирек кездеседі, бірақ жыныстық қатынасқа түсетін адамдарда қауіп сақталады.