Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль әзірленді
Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль белгіленетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ведомство «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады.
«Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына салтанатты түрде құрмет көрсету мақсатында әзірленді.
Жарлықтың жобасында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» меретойлық медальмен марапаттау ережесі және медаль сипаттамасы нақтыланады.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 29 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15401269 сілтемеге өтіп, таныса аласыздар», - делінген министрлік хабарламасында.