$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда экологтар ұшақ құлаған жердің топырағына зерттеу жүргізеді

Қоршаған ортаның ластануын анықтау үшін топырақ үлгілері зерттеледі

Ақтауда экологтар ұшақ құлаған жердің топырағына зерттеу жүргізеді
Фото: ҚР ТЖМ

Ведомствоаралық жедел тергеу тобы Әзtрбайжан әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Зерттеуге экологтар да қосылып, ұшақ құлаған жерден топырақ үлгілерін алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоршаған ортаның ластануын анықтау үшін топырақ үлгілері зерттеледі. Нәтижелері кейінірек белгілі болады және қосымша хабарланады.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжанның Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында: Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстанның 3 азаматы, Ресейдің 16 азаматы болды.

Ұшақ апаты салдарынан 29 адам аман қалды. 27 ересек адам облыстық ауруханаға, 2 бала балалар ауруханасына жатқызылды. Өкінішке қарай, Қазақстанның алты азаматы да қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары