$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үйсіз-күйсіз жүргендерге несие рәсімдеген: Шымкентте қылмыстық топ ұсталды

Олар 22,8 млн теңге тапқан

Үйсіз-күйсіз жүргендерге несие рәсімдеген: Шымкентте қылмыстық топ ұсталды
Фото: istockphoto.com

Шымкентте қылмыстық топ мүшелері тұрғылықты жері жоқ адамдардың атына банк шоттарын ашып, кейін олардың атына несие алған. Қарыздың жалпы сомасы 22,8 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратураның мәліметінше, күдікті бес адам. Олардың үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Коммерциялық ұйымның қызметкерлері 2021 жылы 22,8 млн теңгенің алаяқтық фактісін анықтады, бірақ жалған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды тексеру және бұғаттау шаралары қабылданбады. Бұл құқық бұзушылықтарды қылмыстық топ алаяқтық және жәбірленушілердің қаржысын жымқыру жоспарын жүзеге асыру мақсатында жасаған. Қылмыстық іс қалалық прокуратураның бақылауында», - деді Шымкент қалалық прокуратурасының бірінші бөлімінің басшысы Жандос Досанов.

Ал коммерциялық ұйымның жауапты қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне адал емес көзқарасы үшін қаржы компаниясына қатысты іс қозғалды. Қадағалау органы қылмыстық топтың 2021 жылдан бері алаяқтықпен айналысқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары