16.01.2025, 12:27
Жаңалықтар
Ұлытау облысында боранды түні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам құтқарылды (ВИДЕО)
Оның көлігі қар құрсауынан шыға алмай қалған
Фото: Видеодан скрин
Ұлытау облысында боранды түні мал іздеймін деп шығып, жоғалып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеше таңертең Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан Қосконған қыстағына қарай жеңіл автокөлікпен шыққан адамды сәтті іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді.
ТЖМ мәліметінше, ер адам мал іздеуге шығып, бірақ көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Құтқарушылар дереу іздеуге шығып, түнде жоғалған адамды тапты. Белгілі болғандай, оның автокөлігі Сарлық ауылынан 60 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалды.
Медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарылған ер адам Ұлытау ауылындағы туыстарына жеткізілді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды