$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін ер адам суицид жасамақ болды (ВИДЕО)

Оқиға түнгі уақытта болған

Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін ер адам суицид жасамақ болды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласында өзіне өзі қол салмақ болған адамды тәртіп сақшылары құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 13 қаңтарда түнгі мезгілде болған. Учаскелік полиция пунктінде қызметте болған Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары  Мерген Байжанов пен Нұрхат Салимгереев жергілікті тұрғыннан түсініксіз мазмұндағы телефон хабарламасын алған. Онда ер адам өзі алыс жол жүріп кеткенін жазып, полицейлерден жарты сағаттан кейін оның мекенжайына жедел-тергеу тобын жіберуді өтінген.

Бұл хабарламадан күдіктенген полицейлер дереу мекенжайға шыққан. Үйге жақындаған кезде олар үй иесінің жіпке асылып тұрғанын көрген. Жүгіріп жеткен полиция капитаны Н.Салимгереев жігітті дереу көтеріп алып, әріптесі Мерген Байжанов оның мойнындағы жіпті кесіп үлгерген. Ес-түссіз жағдайда болған тұрғынға олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адамның жағдайы қалыпты. Мұндай қадамға ол отбасылық кикілжіңнің салдарынан барған.

«Күндіз ғана бұл азаматты қаладағы сауда орындарының бірінен көріп, амандасқан болатынбыз. Оның жол жүріп кеткенін айтқан хабарламасы бірден күдік тудырып, жедел жеттік. Ең бастысы, әрине, оның амандығы», - дейді әкімшілік аумағын жиі аралап, әрбір тұрғынын жақсы танитын  Нұрхат Салимгереев.

Серіктес жаңалықтары