$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2020, 22:53
Жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды

Тәжікстан азаматтары қырғыз аумағында мал жаймақ болған

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да оқ атылып, қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының учаскесінде Тәжікстан азаматтары қырғыз аумағында мал жаймақ болған. Қырғыз шекарашылары оларды тоқтатпақ болған соң, тәжіктер қырғыз шекарашыларына оқ ата бастаған. Кейінірек бұл атыс қырғыз-тәжік шекарашыларының қарулы қақтығысына ұласты», - деп жазады басылым.

Қазір қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақталды. Тараптар оқиға бойынша талқылау жүргізеді.

Айта кету керек, бұл мамыр айында болған екінші қарулы қақтығыс. Бұған дейін қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында 8 мамырда атыс болған еді. Ал 10 мамырда екі мемлекет бір-біріне наразылық нотасын жіберді.

Серіктес жаңалықтары