$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.05.2020, 11:28
Жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан бір-біріне наразылық нотасын жіберді

8 мамыр күні екі ел шекарасында қарулы қақтығыс болған еді

Қырғызстан мен Тәжікстан бір-біріне наразылық нотасын жіберді
Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығысқа байланысты екі ел наразылық ноталарымен алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қызғызстандық Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

«Тәжікстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Ализода 8 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында болған қарулы қақтығысқа байланысты Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Тәжік дипломатына Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі үш әскери қызметшісі және Қырғызстанның бір азаматының ауыр жарақат алуына байланысты наразылық нотасын тапсырды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жаныш Рүстенбеков те Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған Қырғызстан азаматтары мен әскери қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттеріне байланысты наразылық нотасын табыстаған.

Естеріңізге сала кетсек, 8 мамыр күні Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында қарулы қақтығыс болған еді.

Серіктес жаңалықтары