$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.05.2020, 10:43
Жаңалықтар

ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгердің денесі елге жеткізілді

Оның жерленген жері 78 жылдан кейін анықталып отыр

ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгердің денесі елге жеткізілді
Фото: gov.kz

1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті əскери бортпен елордалық авиациялық базасына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Әскери қызметшінің мәйіті сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылды. Қайтыс болған жауынгердің сақтаулы қалған медалі арқылы аты-жөні анықталды. Белгісіз жауынгер Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжолов болып шықты. Соғыс алдында ол әскерге шақырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға аттанады. Оның соңғы қызмет орны 125-жеке атқыштар бригадасы болды», - деп жазылған хабарламада.

Жауынгердің туыстары Шет ауданында тұрады. 1942 жылы отбасы Медет Аманжолов Смоленскті қорғауда ерлікпен қаза болғаны туралы хат алған. Сарбаздың жерленген жері 78 жылдан кейін анықталды. Әскери авиация күштері қазақ жауынгерінің сүйегін елге қайтарды. Жақын арада жауынгер Шет ауданының Ағадыр зиратында қайта жерленеді.

Серіктес жаңалықтары