Нұр-Сұлтанда бірнеше көше жабылады
Елорда тұрғындары маршрутын алдын ала жоспарлауы керек
Көлік жүргізушілер кептелістің алдын алу үшін маршрутты алдын ала жоспарлауы қажет. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 23-27 мамыр аралығында С. Торайғыров көшесінің бойы мен С.Сейфуллин көшесі учаскесінде Ә.Жангелдин көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал 24-29 мамыр аралығында - Сәтпаев көшесі бойы мен Момышұлы көшесі учаскесінде Мұңайтпасов көшесіне дейін жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты аталған аудандарда көлік қозғалысы толығымен жабылады.
«Қала жолдарын жөндеу Достық көшесінде де жалғасып жатыр. Жөндеу Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін жүреді. 24 мамыр мен 10 маусым аралығында Сауран көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», - деп хабарлайды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс болмас үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.