$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2020, 05:49
Жаңалықтар

24 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жексенбі күні ел аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі

24 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

24 мамырда ел аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек республиканың батысында солтүстік батыстан келген циклонның ықпалына байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде шаңды дауылмен желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең – найзағай, тұман, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау, түнде Атырау, күндіз Алматы,Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында,

Түркістан, Қарағанды облыстарының батысында аптап ыстық болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары