$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұшақта жүрегі қысылып, есінен танып қалған жолаушыны елордалық студент құтқарып қалды (ВИДЕО)

Оқиғаның барысы TikTok желісінде жарияланды

Ұшақта жүрегі қысылып, есінен танып қалған жолаушыны елордалық студент құтқарып қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скриншот

«Қызылорда-Астана» бағытындағы әуе рейсінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалды. Оған ұшақта отырған медицина университетінің студенті алғашқы көмек көрсетіп, құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосын TikTok желісінің қолданушысы Динара Қарлыхан жариялады.

«Ұшақта бір ер адам жүрегі ауырып қысылды. Медицинадан хабары бар жігіт орнынан ойланбастан тұрып, дереу көмек көрсетуге жүгірді. Жастардың білімді болғаны қуантты. Жүрегінің қайта соғуына мүмкіндік берді», - деп жазды Динара Қарлыхан.

Жаны қысылған жолаушыға дереу көмек көрсеткен адам медицина университетінің студенті болып шықты.

«Ұшақта адам жанын құтқарамын деп ойламаппын. Есімім – Дінмұхамед, Астана Медицина университетінің 7-курс студентімін. Жағдай былай болды. Бортсерік микрофонмен «ұшақта дәрігерлер бар ма?» деп сұрады. Ешкім шықпаған соң іштей баруым керек деп ойладым. Жаны қысылған адамға барғанымда шамамен 50 жастағы адам екенін байқадым. Сұрағанымда кеуде қуысы қысылғанын, жүрегі қысылып тұрғанын айтты. Жүрек қысылуы сол жағына тартып тұрғанын айтты.

Бортсеріктерден танометр сұрап, қысымын өлшедім. Бір минут ішінде ол кісі есінен танып қалды. Тынысы тарылып, көзінің қарашығы үлкейіп кетті. Ол кісіні дереу жерге жатқызып, жүрегіне реанимация жасадым. Бір циклдан кейін ол кісі есін жинап алды. Екі таблетка аспирин беріп, оттегі маскасын тақтым. Әуежайға жеткіздік, ары қарай жедел жәрдем қабылдап, ары қарай ауруханаға алып кетті», - дейді болашақ дәрігер.

Серіктес жаңалықтары