$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жыры бітпей кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі басына түскен қиындықтарын айтты

Жұрт оның проблемасына қатысты өз ойын білдірді

«Жыры бітпей кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі басына түскен қиындықтарын айтты
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова басына түскен қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса Instagram Stories-те тісі мен алаяқтарға алдандым деген үйінің ісі бітпей жатқанын айтты.

«Тісімнің де жыры, үйімнің де ісі бітпей кетті», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары имплант қойдырудың қиындықтары туралы ой бөлісті.

«Үш күн болды, ауырып, тыныш таппай жатырмын. Екеуін салдырып едім бірден», «Имплант әр адамға жаға бермейді», «Мен салдырдым, қорқынышы жоқ, бірақ бетің бір апта ісіп кетеді», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың үй алу барысында алаяқтарға ұрынып қалып, баспанасынан айырылғаны туралы айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары