$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2020, 02:28
Жаңалықтар

Мақтааралда 1300-ден астам отбасы мың доллардан алды

Жалпы мұндай сома 5 мыңнан астам отбасыға беріледі

Мақтааралда 1300-ден астам отбасы мың доллардан алды
Фото: баспасөз қызметінен

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 1308 отбасы Ә.Усманов қорынан мың доллардан алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жалпы, Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 (30 420 адам) отбасының есепшотына аударылады. 

«Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылады. Ә.Усманов қорынан аударылатын 1 мың АҚШ доллар өтемақыны Мақтаарал ауданындағы 2 ауыл округінде орналасқан 13 ауылдың тұрғындары алады. Атап айтқанда, Еңбекші ауыл округіндегі: Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай ауылдары және Жаңажол ауыл округіндегі: Нұрлы жол, Жеңіс, Фирдоуси, Достық, Өргебас, Арайлы Ақжол ауылдары. Тұрғындардан артық құжат талап етілмейді, мекен-жай анықтамасы не ауыл тұрғыны екенін растайтын құжат болуы қажет», - деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев.

Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдауси, Достық, Өргебас елдімекендерінде тұратын әр отбасыға Үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден беріледі. Бұл мақсатта Үкіметтен 650 млн теңге бөлініп отыр.  Бұл сома аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, 846 үйдің 6128 адамына төленетін болады.

Серіктес жаңалықтары