$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: «қара жәшіктегі» алғашқы деректер белгілі болды

Ұшақтың құлауына дейінгі соңғы төрт минутқа қатысты жазбалар жоқ болып шықты

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: «қара жәшіктегі» алғашқы деректер белгілі болды
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағының «қара жәшіктерінен» алғашқы мәліметтер белгілі болды. Алайда, ұшақтың құлауына дейінгі соңғы төрт минутқа қатысты жазбалардың болмауы тергеуді қиындатып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap-қа сілтеме жасап.

«АҚШ-та жүргізілген талдау нәтижесінде «қара жәшіктердегі» деректердің ұшақ апатынан шамамен төрт минут бұрын жазылуы тоқтағаны анықталды. Бұл жағдай тергеушілерге апаттың нақты себебін анықтауды қиындатып отыр», — делінген хабарламада.

Дегенмен, тергеушілер тек «қара жәшік» деректеріне сүйенбейді. Қосымша ақпаратты келесі дереккөздерден жинастырып жатыр:

  • Әуе қозғалысын басқару жазбалары;
  • Апат бейнежазбалары;
  • Апат орнындағы ұшақ қалдықтары.

Boeing 737-800 ұшағы 29 желтоқсан күні таңертең Муан әуежайында қону кезінде апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 181 адам, соның ішінде 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Бангкоктан қайтып келе жатқан.

Серіктес жаңалықтары