$ 528.52  539.14  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да 30 мың доллар пара алған шенеунік 7 жылға сотталды

Оған шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды

ШҚО-да 30 мың доллар пара алған шенеунік 7 жылға сотталды
Фото: © istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары 30 мың доллар көлемінде аса ірі көлемдегі пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Өскемен қаласының №2 соты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары азамат Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Тергеу мәліметінше, 2023 жылы мамыр айында азамат Т. алтын өндіру фабрикасына экологиялық заңнама талаптарының сақталуын тексеру жүргізген», — деп жазылған хабарламада.

Тексеру барысында құрылыс мерзімдерін аяқтау бойынша жобалық шешімдердің бұзылғаны анықталған. Бұл жағдай Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабына сәйкес, кәсіпорынның қызметін уақытша тоқтата тұруға негіз болатын құқық бұзушылық еді.

«Алайда, азамат Т. фабриканы әкімшілік жауапкершілікке тартпау және оң қорытынды шығару үшін фабрика директорынан 30 мың доллар (2023 жылғы 12 мамырдағы бағам бойынша 13 326 600 теңге) көлемінде пара алған», — делінген хабарламада.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, сот оны ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырды.

Серіктес жаңалықтары