11.01.2025, 02:14
Жаңалықтар
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Өрттің шығу себебі анықталуда
Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтерде өрт шығып, 6 адам құтқарылды. Олардың қатарында кішкентай балалар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігін ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші қабаттағы үйде жиһаз жанған. Шақырту бойынша оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды санаулы минутта сөндіріп үлгерді. Дегенмен, қою түтін адамның өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Эвакуацияланған тұрғындарға уақытша пана ұйымдастырылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
