10.01.2025, 13:08
Жаңалықтар
ІІМ-нің лауазымды қызметкері ұсталды – ҰҚК
Ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.
Ішкі істер министрлігі Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығы – Мұхит Джавгашев. Облыстық әскери тергеу басқармасының кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды