«Біз – Алагөзовтерміз»: Баян Мақсатқызына қайын атасы ерекше пікір қалдырды
Баян Мақсатқызы кеше 51 жасқа толды
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының Instagram желісіндегі жазбасына қайын атасы Тұрым Алагөзов ерекше жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баян Мақсатқызы кеше 51 жасқа толған.
«Сәлем, 51! Сені жақсы көремін, Баяша, сен жарадың. Сені мақтан тұтамын. Саған мықты денсаулық, толассыз бақыт пен қуаныш тілеймін! Сүйікті күйеуіңнің, керемет балаларыңның, жақындарың мен туыстарыңның махаббатына бөлене бер! Алған бетіңнен қайтпа, өзіңе адал бол!» - деп жазды Баян Мақсатқызы.
Келінінің жазбасына қайынатасы, күйеуі Тұрсын Алагөзовтің әкесі Тұрым Алагөзов былай деп пікір қалдырды.
«Ол өз атыңды құрметтеу ғана емес! Алған бетіңнен қайтпа, қызым. Біз – Алагөзовтерміз», - деп жазды Тұрым Алагөзов.
Айта кетейік, осыған дейін Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызының екінші қызына ақыл айтқаны туралы хабарланған болатын.