10.01.2025, 12:15
Жаңалықтар
Қазақстанда ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
«Қазавтожол» мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 10 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы республикалық жолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық тасжолдардың мыан учаскелерінде қозғалыс шектелді:
- Солтүстік Қазақстан облысында сағат 09:00-ден Жезқазған-Петропавл тасжолының 719-дан 785 шақырымға дейінгі учаскесінде (Новоишимское ауылынан Сергеевка қаласына дейін), ашудың болжамды уақыты – 15:00-де;
- Жетісу ауданында сағат 10:00-ден Сарыөзек-Көктал учаскесінде, 40-68 шақырымға дейін (Алтынемел асуы), ашылудың болжамды уақыты – 14:00.
1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тәуліктің кез келген уақытында қосымша ақпаратты ала аласыз.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды