Мұрнын жасатқан қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (ВИДЕО)
Дәрігер мұны қалыпты жағдай деген
Бакуде мұрнына операция жасаған 30 жастағы Нязрин Мансурова операциядан бір күн өткен соң комаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Baku TV-ге берген сұхбатында Н.Мансурованың әкесі А. Абышзаде айтқан. Операцияны 3 қаңтарда доктор Сянан Мехдиев жасаған.
Ал келесі күні оның жағдайы күрт нашарлап кеткен.
«Біз оны ауруханаға комаға түскен күйінде әкелдік. Қызымыздың жағдайы нашарлай бастаған кезде дереу дәрігерге қоңырау шалдық. Оның айтуынша, бұл қалыпты жағдай және бәрі жақсы болады. Алайда мұрынға операция жасаудың салдары нашар болды. Менің қызым қазір әлі комада, ол есін жиған жоқ. Оның миы операция кезінде еніп кеткен микробқа байланысты жұмысын тоқтатты», - дейді ол.
Өз кезегінде, операция жасаған Сянан Мехдиев операция кезінде ешқандай проблемалар туындамағанын айтты.
«Науқас палатаға ауысқанда жағдайы жақсы болды. Келесі күні ол үйіне шығарылды. Томографияның нәтижелері проблемалардың жоқтығын көрсетіп отыр», - дейді дәрігер.