Түркістан облысында құтқарушылар үш жүкті әйелді перзентханаға жекізді
Көктайғақ жедел жәрдем көлігінің қозғалысын қиындатты
Түркістан облыстық ТЖД қызметкерлері Бәйдібек ауданының Бәйдібек ата ауылынан 3 жүкті әйелді перзентханаға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі 112 KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
112 пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Байдібек ата ауылынан 3 жүкті әйелді тасымалдауға көмек қажет екендігі туралы хабарлама түскен.
Қатты жел мен көктайғаққа байланысты жедел жәрдем көлігіне жүру қиынға соққандықтан, құтқарушылар екі медициналық қызметкерлермен бірге өтімділігі жоғары техникамен жолға шықты.
«Шақыру орнына жеткен құтқарушылар болашақ аналарды жақындарымен бірге жолдың қауіпсіз бөлігінде күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем бригадасына жеткізіп, дәрігерлерге аман-есен табыстады», делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.