Павлодар облысы Майқайың кентінде жер дүмпуі тірелді
Тексеріс барысында қираған ештеңе табылған жоқ
Павлодар облысы Майқайың кентінде жер дүмпуі тірелдіү Сейсмология орталығының мамандары тексеріс нәтижесінде бұл құбылыстың елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта болғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтар күні сағат 09:55-те Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындары жердің дірілін сезінгені туралы ақпарат түскен.
«Мән-жайларды анықтау барысында Қазақстандық Ұлттық сейсмология орталығының берген координаттары тексерілді. Геолокация Майқайың кентінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан дала аймағына сәйкес келді. Тексеру нәтижесінде қираған ештеңе табылған жоқ», – деп хабарлады департамент өкілдері.