10.01.2025, 06:05
Жаңалықтар
Қазақтанда 11 пойызда әйелдерге арналған вагондар бар
Бұл вагондарға аналарымен бірге 7 жасқа дейінгі ұл балалар да отыра алады
Фото: ҚТЖ
«Жолаушылар тасымалы»компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, әйелдер вагондарындағы және әдеттегі вагондардағы билет бағасы бірдей, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйелдер мына пойыздардағы арнайы вагондарға биле сатып ала алады:
- №354/353 Астана – Семей;
- №24/23 Ақтөбе – Алматы;
- №25/26 Алматы – Шымкент;
- №77/78 Алматы – Маңғыстау;
- №351/352 Алматы – Өскемен;
- №45/46 Павлодар – Түркістан;
- №37/38 Маңғыстау – Семей;
- №47/48 Атырау – Астана;
- №33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
- №4/3 Астана – Алматы-2;
- №71/72 Астана – Шымкент.
«Билетті вокзалдан сатып алуға болады. Бұл ретте билет кассаларының қызметкеріне әйелдер вагонында орынды таңдау қажеттігі туралы хабарлау қажет. Сондай-ақ, жолаушылар әйелдер вагондарынан орынды онлайн сатып алу кезінде де таңдай алады. Мысалы, bilet.railways.kz сайтынан темір жол билеттерін сатып алу кезінде "WC" (әйел) аббревиатурасына назар аудару керек, бұл билет тек әйелдер вагонына сатылатындығын көрсетеді», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген